- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 8 наурызға орай...
8 наурызға орай аналарға бір реттік жәрдемақы төленеді
8 наурыз мерекесіне орай Павлодар, Ұлытау, Қарағанды, Түркістан, Абай өңірлерінде көпбалалы аналар мен атаулы көмек алатын отбасыларға бір реттік жәрдемақы төленеді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Бір реттік төлемді жергілікті әкімдіктер өздері белгілейді.
"Алтын алқа", "Күміс алқа" иегерлері, 11 673 ана, 17 720 теңге көлемінде ақша алады.
"Көпбалалы аналар және соның ішіндегі табысы аз азаматтарға 2,5 АЕК, 8625 теңгеден, әлеуметтік көмек төлем жүргізу жоспарланып жатыр. Қазір Астана бойынша 30 мыңға жуық ананы қамтимыз", - деді Әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау бөлімінің басшысы Болат Жұмаділ.
Бұл төлем жәрдемақы алып жүрген азаматтардың шотына автомат түрде аударылады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек