- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 8 наурызда Талдықорғанда...
8 наурызда Талдықорғанда тыр жалаңаш жүрген ер адам видеоға түсіп қалды
8 наурызда Талдықорғанда ер адам базардың маңында тыр жалаңаш жүрген. Куәгерлер оны видеоға түсіріп, krisp.tdk Instagram-парақшасына салған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видео авторының сөзінше, жалаңаш жүрген ер адам айналасындағы адамдардың есін шығарған.
"Әйелдер балаларымен шошып, бағдаршамда қызыл жанып тұрса да жүгіріп кетті. Қандай да бір шара қолданып, мұндай адамдарды бақылауға алу керек", - дейді парақша оқырманы.
Жетісу облысының Полиция департаменті өкілдері бұл жайтқа қатысты түсінік берді.
"Талдықорған қаласының полицейлері қалада жалаңаш жүрген ер адамды анықтады. Ол 39 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адам мас күйде жүрген. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар, ер адамның психикалық жай-күйі тексеріледі", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина