Арулар мен аналардың мерекесі саналатын 8 наурызда дүние келген ер адамдар да бар. Төл мерекесі атаулы күнмен тұспа-тұс келетін жігіттер қауымы бұл күні ерекше сезімді бастан кешіретіні жасырын емес. Massaget.kz тілшісі Қазақстанда қанша ер адам 8 наурызда дүниеге келгенін анықтау мақсатында статистика бюросына жүгінді.
Ұлттық статистика бюросының Massaget.kz-ке жауабына сүйенсек, Қазақстанда 8 наурызда дүниеге келген ер адам саны - 28 092 адам. Ал былтыр бұл көрсеткіш 27 587 болған. Демек, бір жыл ішінде 8 наурызда 500-ге жуық ер бала дүниеге келген.
8 наурызда туған ер адамдардың мінезі қандай болады?
Ашық деректерге сүйенсек, осындай ерекше күні дүниеге келген ер адамдарға әдетте мына қасиеттер тән екен: өршіл, жаңа жағдайларға тез бейімделу қабілеті, сыпайылық.
Олар көп жұмыс істейді және терең қиял мен түсінікке ие. Бұл күні туғандар қаржылық қолдаусыз өзін сенімсіз сезінеді. Сондай-ақ, олар іскерлік міндет пен жауапкершіліктен ешқашан қорқытпайды.
8 наурызда туған қандай танымал ер адам бар?
8 наурызда дүниеге келген аңыз адамдардың бірі - әнші, композитор, күйші, актер Манарбек Ержанов. Ол 1901 жылы 8 наурызда Қарағанды облысында дүниеге келген. Ертең - атақты әншінің 123 жылдық мерейтойы.
Еске салайық, бұған дейін 8 наурызда дүниеге келген ер адамдармен сұхбаттасқан едік.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!