"Қазгидромет" синоптиктер ертең, 8 наурызда елдің бірнеше өңірінде нөсер жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болатынын ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маңғыстау облысының орталығында кей уақытта нөсер жаңбыр жауады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Астанада түнде және таңертең тұман.
Түркістан облысының тау асуларында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде тұман, күндіз көктайғақ болады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман.
Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батысында тұман түседі.
Абай облысының жаңбыр, қар жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 3-8 аяздан 2 аяз-3 жылыға дейін, күндіз 2-7 градус жылыға дейін жоғарылайды.
Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі.
Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күндіз күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!