- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 8 мың теңгелік...
8 мың теңгелік күміс алқаны ұрлаған ер адам бес жылға сотталуы мүмкін
Фото:
pixabay.com
Өзбекстанда ұлымен бірге ұрлық жасаған 48 жастағы ер адам бес жылға сотталуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі nuz.uz сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, оқиға 31 наурызда болған. Ер адам мен ұлы 63 жастағы әйелге тап беріп, 200 мың сум (шамамен 8000 теңге) тұратын күміс алқасын жұлып алған.
Өңірдегі полиция басқармасы бұл іс бойынша қылмыстық кодекстің 166-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған. Алдын ала тергеу жүріп жатыр.
Айта кетейік, Өзбекстан заңнамасы бойынша бұл бапқа әйке қылмыс жасағандар үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина