8 маусымда Алматының орталық көшелері уақытша жабылады

8 маусымда Алматының орталық көшелері уақытша жабылады
Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда 8 маусымда сағат 21:30-дан 22:45-ке дейін бірнеше орталық көшеде көлік қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

7 және 8 маусым күндері Алматыдағы Абай алаңында сағат 17:30-дан 22:30-ға дейін заманауи этникалық музыкаға арналған жыл сайынғы халықаралық The Spirit of Tengri фестивалі өтеді.

"8 маусымда сағат 21:30-дан 22:45-ке дейін халықаралық музыкалық фестиваль аясындағы іс-шараларға байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі: Абай даңғылы бойынша Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейін, сондай-ақ, Достық даңғылы бойында Құрманғазы көшесінен Сәтбаев көшесіне дейін", - делінген хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан
Logotype Massaget