Ұлытау облысында жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұлытау облысы Полиция департаменті қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Жәйрем кентіндегі мейрамханалардың бірінде өткен тойға байланысты ұйымдастырылған көліктер колоннасы жол қозғалысы қағидаларын бұзғанын анықтаған.
Тексеріс барысында колоннаны ұйымдастырған адам кім екені белгілі болып, оған ұсақ бұзақылық бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралар нәтижесінде жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзған 8 жүргізуші анықталып, көліктер мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылған.
Оларға барлығы 22 әкімшілік хаттама рәсімделген:
Полиция азаматтарды жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға шақырды.
"Үйлену тойы, мерекелік кортеж немесе өзге де салтанатты іс-шаралар жол қозғалысы қағидаларын бұзуға негіз бола алмайды", - деді ІІМ өкілдері.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз