8 көлік айыппұл тұрағына қойылды: Ұлытау облысында той кортежіне қатысқандар жазаланды

8 көлік айыппұл тұрағына қойылды: Ұлытау облысында той кортежіне қатысқандар жазаланды
Фото: Видео кадры

Ұлытау облысында жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұлытау облысы Полиция департаменті қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Жәйрем кентіндегі мейрамханалардың бірінде өткен тойға байланысты ұйымдастырылған көліктер колоннасы жол қозғалысы қағидаларын бұзғанын анықтаған.

Жүргізілген тексеріс барысында колоннаны ұйымдастырған адам анықталып, оған ұсақ бұзақылық бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралар нәтижесінде жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзған 8 жүргізуші анықталып, көліктер мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылған.

Оларға барлығы 22 әкімшілік хаттама рәсімделген:

  • ұсақ бұзақылық жасау,
  • жүргізуші мен жолаушының қауіпсіздік белдігін тақпауы,
  • қарсы қозғалыс жолағына шығу,
  • көлікті пайдалану қағидаларын бұзу,
  • көлікті пайдалану кезінде белгіленген талаптарды сақтамау,
  • жол қозғалысының өзге қатысушыларына жол апаты жағдай туғызу,
  • сондай-ақ, жаяу жүргіншілер мен өзге де жол қозғалысына қатысушылардың жол қозғалысы қағидаларын бұзуы және басқа да әкімшілік құқықбұзушылықтар.

Полиция азаматтарды жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға шақырды.

"Үйлену тойы, мерекелік кортеж немесе өзге де салтанатты іс-шаралар жол қозғалысы қағидаларын бұзуға негіз бола алмайды", - деді ІІМ өкілдері.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget