Заңгер, ҚҚ "Human Rights Lawyers" басшысы Ләззат Ракишева өзіне келген кезекті хатты бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Хатта күйеуі 8 жастағы қызын зорлап жатқан жерінен ұстап алған әйелдің оқиғасы жазылған.
"Сәлеметсіз бе, Ләззәт ханым! Мен 2010 жылы қазіргі сотталған куйеуіме, тұрмысқа шықтым. Ол адамды күйеуім деп айтудан жиіркенемін, есіме де түсіргім келмейді, бірақ, шарасызбын. 2020 жылы 2 қарашада кешкі сағат 18:30 шамасында, үйімізде қылмыстық істің үстінен түстім, яғни 8 жастағы туған қызын шырылдатып, зорлап жатқан жерінен ұстап алдым. Біздің ортақ төрт баламыз бар. Жәбірленуші осы бір тал қызымыз, мен ауру мен саудың күйін кештім. Ертесі зорға жиналып, полиция шақырдым үйге. Ол сол күні үйден қашып кетті, екі күннен кейін полиция іздеп тауып, түрмеге қамалды. Осылай тергеу аяқталып, іс сотқа жіберіледі.
2021 жылы көктемде Аудандық прокуратура тергеуші келіп, мені прокуратураға шақырды. Себебі, ол оңбағанның әкесі Қытайда болатын. Сол жақта жатып арыз түсіріпті. Олардың адвокаты сотқа қатысты, сот арыздарын қабылдамады.
2021 жылы маусымда ол 20 жылға сотталды. Олар апелияцияға шағым түсірді, ол да қабылданбады. 2021 жылы қыркүйекте үкімі күшіне енді.
Енді менің қызымды зорлағанның әкесі "немерелерімді көрсет" деп ЧС арқылы талап етті. Мен келісіп, "аталары ғой" деп балаларды жібердім. Ол шал мені балаларыма жамандап, "ол псих баламды өтірік соттатты" деп ауызына келгенін айтқан! Балаларым "ол шалмен кездескіміз келмейді, көргіміз де келмейді" деп жылап отыр! Мен не істеймін? Менің балаларыма неге қысым көрсетеді оның әкесі?? Көмектесіңізші Ләззәт ханым", - деп жазған хат иесі.
Тағы да оқи отырыңыздар: ЭКО-ға квотаны қалай алуға болады?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!