ТЖМ Өртке қарсы комитеттің бас маманы Зияда Елдос биыл 8 айда шамамен 200-ге жуық қазақстандық өрттен қаза тапқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жыл басынан бері Қазақстанда 6700 өрт дерегі тіркелді. Былтырғы көрсеткіш – 7500. Биыл 8 айда өрттен 197 адам қаза тапты. Былтырғы мәліметке сүйенсек, өрттен 244 адам көз жұмған. Еліміз бойынша жер үйлерде өрт жиі тіркеледі. Мұндай жағдай көбінесе жылыту маусымы кезінде пештің дұрыс жанбауынан және элект сымдарының қысқа тұйықталуынан болады", - деді Зияда Елдос ТЖМ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Еске салайық, бұған дейін ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасынң орынбасары Алексей Советов жыл басынан бері елімізде 180-нен аса адам суға кеткенін айтқан еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!