Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соқты деген айыппен сотталушы С-қа қатысты қылмыстық іс қарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сотта 2024 жылдың тамыз айында сотталушы С. MAN TGX маркалы автокөлігімен тіркеме маркасы Kassbohrer maxima, Самара-Шымкент тасжолының 862-шақырымында басқарып келе жатып, қарсы бағытқа шығып, Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларының талаптарын өрескел бұзып, К-нің басқаруындағы TOYOTA IPSUM маркалы көлігін соғып, жол-көлік оқиғасын жасаған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан К. және оның 7 жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.
Сотталушы С. өз кінәсін толық мойындады. Сот мәжілісінде прокурор 345-бабының 4-бөлігімен 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.
Жәбірленушілер сотталушының жазасын сот қарауына қалдыратынын, талап арыздарын қанағаттандыруды сұрады.
Сотталушының кінәсі оның толық мойындаған жауабымен, жәбірленушілердің жауаптарымен, оқиға болған жерді қарау хаттамасымен, сызбамен, сараптама қорытындыларымен және заттай дәлелдемелермен анықталды.
Сот қылмыстық жаза тағайындау кезінде сотталушының қылмыстық жауаптылық пен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде оның бұрын шын ниетпен өкінуін, жас балаларының барын ескерді.
Сотталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жай анықталған жоқ.
Сот үкімімен сотталушы С. кінәлі деп танылып, оған 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Талап арыздар ішінара қанағаттандырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!