- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 8 адам қаза...
8 адам қаза тапқан Ақтөбе облысындағы жол апаты: тың деректер жарияланды
Ақтөбе облысында жол апатынан қаза тапқан шетелдіктердің сүйегін арнайы ұшақпен жеткізетін болды. Әуе кемесін Өзбекстанның қорғаныс министрлігі бөлген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ktk арнасына сілтеме жасап.
Сегіз азаматының қазасына қатысты іске көрші мемлекеттің басшысы Шавкат Мирзиевтың өзі араласып жатыр. Ол үкіметтік комиссия құрып, мәйіттерді жеткізу және жерлеу рәмісін өткізу туралы тапсырма берген. Күні кеше Ақтөбе облысына қарасты Маржанбұлақ ауылы маңында жүк көлігі Toyota-Альфардпен соқтығысқан. Минивендегі жеті жолаушы мен жүргізуші сол жерде мерт болды. Жеңіл көліктің сау-тамтығы қалмаған. Қаза тапқандардың барлығы Өзбекстан азаматтары. Полицейлердің айтуынша, жүк көлігінің дөңгелегі жарылып кетіп, көлік қарсы бағытқа шығып кеткен. Қазір жүргізушісі тергеліп жатыр.
"Көлігінің дөңгелегі жарылған, содан жүргізуші көлікті бақылай алмай, қарсы бағытқа шығып соғылған. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - деді Ақтөбе облысы жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Айдос Құлжанов.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жайыққызы