76 жасында алғаш рет тұрмысқа шыққан әйел күйеуімен қалай танысқанын айтты

76 жасында алғаш рет тұрмысқа шыққан әйел күйеуімен қалай танысқанын айтты
Фото: businessinsider.com

76 жасында алғаш рет тұрмысқа шыққан Джанет Фонтейн күйеуімен қалай танысқанын айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Business Insider басылымына сілтеме жасап. 

2016 жылы халықаралық маркетингтегі табысты мансабын аяқтаған кейіпкердің басты мақсаты тұрмыс құрып, сүйгеніне қосылу еді.  

"Досым танысу сайттарына тіркелуге көмектесті"

"Қарым-қатынас жол картасы" ("The Relationship Roadmap") кітабының авторы әрі қарым-қатынас жөніндегі кеңесші құрбым Джина Гуддатқа тұрмысқа шығуға деген ынтызарлығымды айтқанымда, ол танысу сайтында профиль жасауға көмектесетінін айтты", - деді ол. 

Осылайша Джанет Фонтейн 2021 жылы Клиффпен танысқан.

"Ол нағыз сыпайы джентльмен болып шықты. Біз үш сағат сөйлестік", - деді ол. 

Кейіпкер жасын алға тартып, асықпағанын айтты: үш жыл бойы бір-бірін танып, Сиэтл мен Финикстегі үйде кезектесіп тұрған.

"2025 жылғы сәуірде біз үйлендік. Жасың келгенде үйлену - өмірдің қаншалық өткінші екенін еске салады. Той қарсаңында бірқатар жақындарымыз қайтыс болып, сол күні оларды қатты сағындық. Қайғыра жүріп, залдағы махаббат пен өмірді тойладық. Жас кезімде үйленсем, мұндай сезімді бастан өткермес пе едім деп ойлаймын", - деді ол. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек
Logotype Massaget