Жаңа жыл күні Ното түбегінде және Орталық Жапонияның оған іргелес аумақтарында болған күшті жер сілкінісінен 57 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Kyodо агенттігіне сілтеме жасап.
Құтқарушылар аман қалғандарды іздеуге кірісті. Қазіргі таңда эвакуацияланғандар саны 57 360-қа жеткен.
7,6 балдық жер сілкінісі Исикава префектурасының Вадзима қаласында өртке ұласты. Исикава префектурасының шенеуніктері хабарлағандай, өрт орталық Вадзима аймағында 200-ден астам құрылысты шарпыды, бірақ олар бақылауға алынды.
Вадзимада жеті қабатты ғимарат бүйірінен құлап түсті, ал таңертеңгі базарымен танымал орталық аймақ дүйсенбіде шыққан үлкен өрттен жанып кетті.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз