7,5 мыңға жуық ауыл тұрғыны жылдық 2,5 пайызбен шағын несие алған

ҚР Үкіметі Аппараты жанындағы "Ауыл аманаты" жобалық кеңсесінің кезекті отырысында ауыл тұрғындарына жылдық 2,5 пайызбен 5-7 жыл мерзімге шағын несие мәселесі талқыланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жиынға Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова қатысты. Мәселен, осы жылдың 13 қыркүйегінде 1 388 ауылдық округті қамтитын 42 миллиард теңге сомасына 7 429 шағын несие берілді.

Оның 85 пайызы мал шаруашылығы саласына (35,8 миллиард теңге), 7 пайызыы өсімдік шаруашылығына (2,8 миллиард теңге), 5 пайызы кооперативтер үшін ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алуға және 2,6 пайызы басқа бағыттарға (1,1 миллиард теңге) берілген.

Жиын қорытындысына сәйкес Премьер-министрдің орынбасары жауапты мемлекеттік органдар мен өңірлерге облыс, аудан, ауылдық округ деңгейінде жобалық кеңселер құру, цифрлық платформаны әзірлеу процесін жеделдету жөнінде тапсырмалар берді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!