• 498.76
  • 490.7
  • 5.73

74 жастағы әйел көлікті мас күйде айдаған

74 жастағы әйел көлікті мас күйде айдаған
Фото: depositphotos.com

Павлодар қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін азаматша И-ге қатысты істі қарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сотпен, 2024 жылдың желтоқсанында 1951 жылы туған азаматша И. алкогольдік мас күйде Toyota маркалы көлік құралын басқарғаны анықталды.

Сот отырысында азаматша И. құқықбұзушылық фактісін мойындады.

Жасалған құқықбұзушылықтың мән-жайлары әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамамен, медициналық куәландыру қорытындысымен, бейнежазбамен расталды.

Қазақстанда мас күйде көлік айдағаны үшін 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру көзделген. Алайда елу сегiз жастан асқан әйелдерге қамаққа алуды қолдануға болмайды.

Сот азаматшаны кінәлі деп танып, оған 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады. Қаулы заңды күшіне енді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жапатова