73 жастағы Сәрсенбай Қотырашев әлемді жаяу араламақшы

73 жастағы Сәрсенбай Қотырашев әлемді жаяу араламақшы

Қазақстан өңірлерін 7 айда жаяу аралап шыққан 73 жастағы Сәрсенбай Қотырашев енді әлем бойынша сапарға аттанбақ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Мен қайтадан байланыстамын, достар! Сіздерге дүниежүзін аралау саяхатына шығатын күнім анықталғанын хабарлауға асықпын. "Ештен кеш жақсы" демекші, тамыздың 2-сі күні сапарымды Атыраудан бастаймын деп шештім.

Соған байланысты, кеше Жезқазған тарихи-археологиялық музейі қызметкерлерінің бастамасымен мені жолға шығарып салу шарасы өтті. Әр қатысушыға көңіл, уақыт бөліп, айтылған жылы тілектері үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Қолдауларыңызға көп рақмет", - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sarsenbay Kotyrashov (@ulytaumen)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан