73 жастағы қазақстандық зейнеткер Түркияның Самсун қаласына жаяу жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Түркияға сапарын қазақстандық зейнеткер Сәрсенбай Қотырашев Атыраудан 2 тамызда бастаған. Саяхатшы Instagram желісіндегі парақшасына Түркияның Самсун қаласына жеткені туралы жазба жариялады.
"Әсем порт қаласы Самсунда өзіміздің қазақстандық студенттермен кездесу", - делінген жазбада.
Айта кетейік, қарт саяхатшы сапарының егжей-тегжейін Желідегі парақшасына жариялап отырады. Ол әлемді жаяу жүріп саяхаттауды былтыр Қазақстанның көрікті жерлерінен бастаған. Түркиядан соң Франция, АҚШ-қа жоспарланған 180 күндік сапарын бастайды.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ең пайдалы ет түрлері қандай?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!