- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 700 мың оқушы...
700 мың оқушы құмар ойынға бәс тіккен - депутат Берденов
Қазақстанда 700 мың оқушы құмар ойынға бәс тіккен. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Руслан Берденов айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Депутаттың айутынша, 8,4 миллион қазақстандыққа 18,1 триллион теңге кредит берілген.
"Олардың арасында 90 күннен артық 2 триллион теңгеге міндетін орындамаған адам саны – 1,8 миллион адам. Бұл жағдай тек банк, қаржы ұйымдарына тиімді. Екінші деңгейдегі банктер несиені 20-58 пайызға дейін берсе, микроқаржы ұйымдары жылына 1000 пайызға дейін несие беріп бір пайда тапса, 2023 жылы 12,7 триллион теңгеге транзакция жасап, әр аударымға 1-3 пайызға дейін комиссия алған", - деді ол Мәжілістегі Парламенттік тыңдауда.
Депутат лудомандар кредит алып, мәселені ушықтыратынын жеткізді.
"Олар бәс тігу үшін бәріне дайын. Несие алу, құқықбұзушылық, алаяқтық, тіпті ауыр қылмыс жасап жатыр. Еліміздегі 157 мың құқықбұзушылықтың 20 пайызы немесе 31 мың құмар ойындары кесірінен жасалған, ал ажырасудың 38 пайызының себебі құмар ойындары. Ырысы төгілген жанұяның ауыртпашылығына кім жауап бермек? Құмарлықтың соңы әр жанұяға қасірет болып, арты қайғылы оқиғаларға соқтырып жатыр. Қайталап естеріңізге саламыз 3 676 суицидтің әрбір бесінші жағдайы құмар ойынына байланысты. Өлімнен-қорлық жаман дейді. Кім осы бизнестің құрбаны болғаны үшін жауапкершілік алады?", - деді Руслан Берденов.
Сондай-ақ ол оқушылар лудомания ұшырап жатқанын жеткізді.
"Мектептегі 3,5 млн баланың 700 мыңнан астамы 1 рет болсын бәс тіккен. Бұл Қазақстандағы 1 миллионнан аса құмар ойыншы санының одан да ары өсетінін көрсетеді. Алаңдататыны 2017 жылдан бастап букмекерлік бизнес айналымы 15,5 миллиард теңгеден 2022 жылы 553,6 миллиард теңгеге дейін 35 есе өскен. Бірақ салық төлемінің мөлшері өзгермей, сол 2017 жылғы деңгейде тұрып қалған.
Жауапты министрлік құмар ойындарының онлайн жүйесін жапсақ бюджетке түсетін салық азайып қалады деген негіздеме айтады. Ал негізгі мақсат салық болса, неге 2017 жылдан бері салық мөлшерін көтеру мәселесі айтылмаған?", - деді депутат.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина