700 млн теңге қолды болған: Шымкентте шенеунік сотталды

700 млн теңге қолды болған: Шымкентте шенеунік сотталды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Шымкентте аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыруға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шымкент қаласының әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметтік лауазымын пайдаланып, ЖШС директорымен және құрылтайшысымен алдын ала сөз байласу арқылы бюджет қаражатын жымқыру әрекетіне барғаны анықталды.

"Күдіктілер қоқыс жәшіктері, шағын алаңқайлар, әткеншектер, ойын және тренажер алаңдарын қоса, тұрғын үйлердің ауласын абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін материалдардың құнын көтеріп, сметалық құжаттар жасаған. Осы іс-әрекеттердің нәтижесінде 700 млн теңгеге жуық мемлекеттік мүлік талан-таражға түскен", - деп жазылған ҚМА хабарламасында.

ЖШС директоры мен құрылтайшысы декларацияларға жалған мәліметтер енгізу арқылы салық төлеуден жалтарған. Қабылданған шаралар нәтижесінде 194 млн теңгеден аса салық толық өтелді.

Сот үкімімен үш айыпталушы кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова