Полиция көші-қон заңнамасын бұзған 700-ге жуық шетелдік такси жүргізушісін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Көші-қон қызметінің мәліметі бойынша 5 күн ішінде 46 мың көлік тексерілген, нәтижесінде 1 080 шетелдік азамат жеке тасымалдаумен айналысқаны анықталған.
"Олардың 691-і мобильді қосымшалар арқылы көші-қон заңнамасын бұзып, жеке тасымалмен айналысқан", - деп жазылған хабарламада.
234 шетелдік заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін, 457 шетелдік ҚР-да болу мерзімін бұзғаны үшін жауапқа тартылды.
Сот шешімімен 175 шетелдік такси жүргізушісі ел аумағынан шығарылды. Олардың 103-і жеке басын анықтау үшін қабылдау-тарату орындарына орналастырылған.
Сонымен қатар, 38 қазақстандық шетелдік азаматтарды заңсыз жұмысқа тартқаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!