70-тен аса қазақстандық Вьетнамға демалысқа барамын деп сан соғып қалды

70-тен аса қазақстандық Вьетнамға демалысқа барамын деп сан соғып қалды
Фото: depositphotos.com

Астанада алаяқ Вьетнамға жоқ әуе билеттерін сатқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жай

Астаналық тұрғынның алаяқтық әрекеті салдарынан 70-тен аса азамат Вьетнамға демалысқа бара алмай қалды. Олар айтарлықтай қаржылық шығынға ұшыраған.

"Күдікті әуе билеттерін нарықтағыдан төмен бағамен ұсынып, клиенттерін оларды арнайы байланыс арқылы сатып алатынына сендірген. Алайда ол шынайы билеттердің орнына жалған түбіртектер берген. Туристер әуе билеттеріне тапсырыс берілмегенін ұшар алдында, әуежайда бір-ақ білген", - деп жазылған хабарламада.

Зардап шеккендер арасында ересектер де, балалар да бар. Жалпы материалдық шығын 17 млн теңгеден асқан. Төленген қонақүйлер, экскурсиялар және басқа да шығындар өтелмеген.

Сот үкімі

Алаяқ 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Келтірілген материалдық шығын өндірілген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget