Қымбат тауарды иемденгісі келген Ақтөбе тұрғыны жүк көлігін өртеп жіберді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
34 жастағы ер адам жалға алынған DAF көлігімен жүк тасымалдаумен айналысқан. Былтыр ол тауарды Алматыдан тиеп алып, Ресей Федерациясының Мәскеу қаласына жеткізбек болған. Ақтөбе қаласына келген ол мүлікті иемденбек ойымен тауарды өртеп жіберуді жоспарлаған.
3 қаңтарда күдікті Маржанбұлақ ауылында туысқанының үйіне тауардың бір бөлігін (шамамен 70 пайыз) түсіріп, одан әрі Шымкент-Самара тасжолына шығып, сол ауылдан 40 шақырымдай қашықта фураның тіркемесінде қалған тауарды өртеп жіберген. Тауар иесі жүк көлігінде жалпы сомасы 146 миллион теңгеге тауар (электроника, телефонға керек-жарақтар, зарядтаулар, пауэрбанктер, автомагнитолдар) бар екенін түсіндірген.
Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігімен (Алаяқтық) бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!