- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 70 мыңға қалай...
70 мыңға қалай өмір сүруге болады? Министр жауап берді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ең төменгі жалақы мөлшерін арттыру мәселесі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мәжілістегі Үкімет сағаты отырысында журналистер министрден қазақстандықтар ең төменгі жалақы мөлшері - 70 мың теңгеге қалай өмір сүруі керегін сұрады. Тамара Дүйсенова 70 мың - біліктілігі жоқ қызметкердің ең төменгі жалақысы екенін айтты.
"Бюджеттік ұйымдардың жалақысы өсіп жатыр. Келесі жылдан бастап білім беру ұйымдарында екі есе, денсаулық сақтау саласында 2024 жылға қарай, әлеуметтік қамсыздандыру саласында 2025 жылға қарай екі есе өседі. Компаниялармен жұмыс жүріп жатыр, меморандум бар, орташа есеппен 20-дан 30 пайызға дейін жалақы көтерілді", - деп түсіндірді министр.
Ол ең төменгі жалақы мөлшері орташа айлық экономикаға әсер етуі керегін атап өтті. Дүйсенованың сөзінше, бұл статистикалық мәліметтерге ғана емес, ең алдымен міндетті зейнетақы жарналарына сүйене отырып бақыланады.
"Барлық жалақы көтеріліп, Еуропадағыдай болады" деп айту мүмкін емес, бірақ кезең-кезеңімен ЕТЖ ескеріле отырып, өседі. Былтыр қандай жалақы болғанын және қазір орташа жалақы қандай екенін көруге болады. Қазақстандық 70 мың алса, тиісінше, мемлекеттік кәсіпорында келесі жылы және келесі үш жыл ішінде жалақы салаға байланысты 25-тен 35 пайызға дейін көтеріледі. Ал жеке сектор болса, онда әлеуметтік әріптестік аясында бірлескен жұмыс жүргізіледі", - деп түйіндеді министр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова