- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "70% жағдайда үлкендер...
"70% жағдайда үлкендер мән бермеді". Динара Зәкиева ересектердің жауапсыздығы туралы айтты
Балалар омбудсмені Динара Зәкиева халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтауында ата-ананың баланың өміріне деген жауапсыздығы мәселесі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, кез келген ата-ана баласы үшін жауапкершілік алуды үйрену керек.
"Әр баланың өмірі мен қауіпсіздігі ересектерге және ең алдымен оның ата-анасына байланысты. Ата-ана ретінде балаларымыздың тағдыры үшін бірінші кезекте біз жауапты екенінімізді үнемі есте ұстауымыз керек. Бір өкініштісі, статистика балаларға қауіптің жиі төнетінін көрсетеді. Күн сайын 3 бала терезеден құлап, уланудан, жарақаттанудан, көлік апатынан қайтыс болып жатыр. Зорлық-зомбылыққа қатысты трагедиялардың көбін болдырмауға болушы еді, 70% жағдайда айналадағы адамдар уақытында әрекет етпеді", - деді ол.
Сондай-ақ, балалар омбудсмені ересектерді балаға қамқорлық танытуға , қорғауға шақырды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы