Танымал актер, әзілкеш Ақболат Өтебай жақында "Маған назар аудар" атты фильм түсірген еді. Ол Қызық Times бағдарламасында фильмнің көрсетілімі барысында қандай қиындық туындағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әзілкештің сөзінше, фильм кинотеатрлардан көрсетіліп жатса да, заңсыз түрде әлеуметтік желілерде тарап кеткен.
"Фильм Telegram-да, тағы басқа жерлерде шықты. Заң аясында сөйлесіп көріп едік. 7 миллион теңге айыппұл салады екен. Енді айналысып жатқан қыздар-балдар - 2001-2006 жылғы жап-жас балдар. Қырық шақтысы ұсталып тұр. Қарапайым отбасы үшін 7 миллион деген біраз ақша ғой. "Осы жолы жылы жабайық, кейін халыққа түсіндірейік" дедік. ...Айналамызбен ақылдаса келе, "осы жолы шашып жейік, барлығы тойсын, келесі жолы ескертейік, шынайы көрермендер пайда болса, өздері-ақ айтып, тоқтатып отырады" дедік. Бұл қылмыспен солай күресу керек сияқты", - деді Ақболат Өтебай.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!