- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 7 мамырда ауа...
7 мамырда ауа райы қандай болады?
Синоптиктер болжамына сәйкес, республиканың батысында, шығысында және оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің оңтүстік-батысында нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі деп болжанады. Республикамыз бойынша желдің екпін алу сипаты тән, солтүстік-батыста, шығыста тұман түседі деп күтіледі", - деп жазылған"Қазгидромет" РМК.
Сондай-ақ, түнде Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының шығысында, Қарағанды, Абай облыстарының солтүстік-шығысында сынап бағаны 1, 3 градус суықты көрсетеді, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының шығысында да 1 градус суық болып, топырақ беті қатады, үсік жүреді деп күтіледі.
"Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Қарағанды өңірінің батысында, оңтүстігінде, орталығында, Ұлытау облысының орталығында, Қызылорда облысының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында өрт қаупі жоғары, Түркістан облысының батысында, Абай облысының оңтүстігінде де өрт қаупі жоғары", - деді "Қазгидромет" РМК.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек