- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "7 күн ішінде...
"7 күн ішінде 8-10 рет тыңдаңыз". Емдік қасиеті бар дыбыс жиілігі табылғаны рас па?
Әлеуметтік желілерде 528 Гц жиілігінің емдік қасиеттері туралы видеолар тарап жатыр. Автордың айтуынша, осы жиілікті 7 күн ішінде 8-10 рет тыңдасаңыз, ішкі жан дүниеңіз жақсарады. Stopfake.kz бұл ақпараттың рас-өтірігін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде тараған ақпарат бойынша, 528 Гц жиілігі теріс ойлар мен ренішті кетіріп, жақсылық пен позитив сыйлап, "Ғаламның даналығына берілуге" көмектеседі. Басылым мәліметінше, бұл жиілікте тылсым тыс ештеңе жоқ. 528 Гц жиіліктегі дыбыстық толқындар мазасыздықты басуы мүмкін болса да, мұны ғылыми тұрғыдан түсіндіруге болады.
Тегеран университетінің биохимия және биофизика институты "528 Гц дыбыс толқынының әртүрлі қарқындылығының егеуқұйрықтардың миында тестостеронның өндірілуін әсері және мінез-құлық өзгерістерін талдау" атты зерттеу жүргізген. Нәтижесінде 528 Гц жиіліктегі дыбыс толқындары мида тестостеронның өндірілуіне ықпал ететіні анықталды.
Сонымен қатар, жиілік ми тіндеріндегі реактивті тотықтырғыштардың жалпы концентрациясын төмендетеді. Бұл дыбыс толқынының ұзақ әсер етуі егеуқұйрықтарда тестостерон концентрациясының артуына байланысты мазасыздықтың төмендеуін көрсетті.
Дзюнтендо университетінің жоғары медицина мектебінің "528 Гц жиіліктегі музыканың эндокриндік жүйеге және вегетативті жүйке жүйесіне әсері" тақырыбындағы зерттеуі де осыған ұқсас нәтижелер берді. Оған сүйене отырып, 528 Гц жиіліктегі музыканың әсерінен кейін шиеленіс, мазасыздық және жалпы көңіл күйдің бұзылуы басылған. Бұл кортизол және окситоцин сияқты стресс гормондарының төмендеуіне байланысты.
Сонымен қатар, бұл зерттеуде музыка бес минут бойы тыңдағаннан кейін ғана әсер ете бастайтыны жазылған. Сондықтан 7 күн бойы 528 Гц жиіліктегі музыка мен дыбыстарды 8-10 рет тыңдаудың қажеті жоқ.
Яғни жағымсыз көңіл күй мен мазасыздықты жақсарту видеода айтылғандай тылсым және ғарыштық күш емес. Бұл құбылыстар, нақтырақ айтқанда, жиіліктің стресс гормондары мен тестостеронға әсері ғылыми тұрғыдан түсіндіріледі. Демек, Ғаламның даналығы мен Құдайдың ақыл-ойының бұған еш қатысы жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина