7 қазанға арналған ауа райы болжамы: жаңбыр мен қар жауады

7 қазанға арналған ауа райы болжамы: жаңбыр мен қар жауады
Фото: Көрнекі сурет

"Қазгидромет" синоптиктерінің мәліметінше, 7 қазан күні Алматы мен Жетісу облыстарының таулы аудандарында жаңбыр мен қар күтіледі, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Атап айтсақ, Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын, жаңбыр, қар жаууы мүмкін. Облыстың оңтүстігінде, тау етегіндегі аудандарында найзағай ойнайды. Жел батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады облыстың оңтүстік жартысында екпіні 15-20 м/с болады.

Ескерте кетейік, 7-13 қазанда облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай түседі. 7-9 қазанда түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Ал 8-9 қазанда солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 7-9 қазанда облыстың оңтүстік-батысында төтенше, облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Ақмола облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Ұлытау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Қарағанды облысында да жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 7 қазанда облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 

Абай облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Шығыс Қазақстан облысының шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Түркістан облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкентте де төтенше өрт қаупі бар. 

Қостанай облысының батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Павлодар облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, орталығында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

7-13 қазанда облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева