- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 7-қабаттан құлап мерт...
7-қабаттан құлап мерт болған 19 жастағы қыздың жақындары ол аяусыз өлтірілгенін айтты
Ақтөбеде 19 жастағы қыздың туыстары оның өліміне қатысты мән-жайды анықтауды сұрады. Себебі туыстары 19 жастағы қыз аяусыз өлтірілген деп санайды. Ал полиция "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" порталына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, 19 жастағы қыз 7-қабаттан құлап мерт болған.
"#НеМолчи" қоғамдық қоры өкілдерінің сөзінше, олармен марқұм қыздың туыстары байланысқа шыққан.
"Екі болжам бар. Қызды екі жігіт зорлап, өлтірген. Олардың бірі қыздың жақында әскерден келген сыныптасы, екіншісі туралы ақпарат жоқ. Екінші болжам бойынша, қыз зорланбаған, ол сыныптастарымен бірге пәтерде болған кезде суицид жасаған. Сараптама қорытындысы әлі белгісіз. Біз қылмыскер немесе қылмыскерлер жазадан құтылып кете ме деп қорқамыз, себебі туыстарының сөзінше, олар әлі қамауға алынбаған", - дейді қор өкілдері.
Өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметі ҚР ҚК 105-бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын, яғни өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізілгенін хабарлады.
"Іс бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалды, тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық істі тергеп-тексеру шеңберінде өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды. Тергеу барысы ПД басшылығының жеке бақылауына алынды", - дейді ведомство өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина