Қазақ эстрадасында тағы бір жаңа есім пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тележүргізуші, модель Айдай Исаева қыз ұзатуға арналған ән жазғызды. Әннің аты - "Ашылсын сенің бағың". Оның сөзінше, желідегі парақшасына "Мені ұзатып беріңізші" деп өтініш жасайтын қыз көбейген.
"Мен бұрыннан ән айтамын. Бірақ керемет дауысым бар демеймін. Бұл туралы мені бұрыннан танитындар біледі", - деді Исаева NTK телеарнасына берген сұхбатта.
Айдай Исаева 17 жыл бимен айналысқан. Өзінің айтуынша, 15 жасынан музыкалық топтарда ән шырқаған. Алайда өнер жолында жүруіне әкесі қарсы болғанын айтты.
Исаева "7 жылым медицина саласында оқуыма бекер кетті" деп, өкінішін білдірді.
"Үйдің жалғыз қызымын, екі інім бар. Әкем сонда "жақсы диплом, жақсы күйеу, сен медицинаға түс, басқаны не істейсің" деген. Медицинада 7 жылым бекер кетті ме деймін. Сондықтан мен аспаннан салбырап түскен жоқпын. Әншілікті қайта қолға аламын деп шештім", - деді жас әнші.
Оның айтуынша, жолдасы тойда ән айтуына қарсы болған. Бірақ мен оған тойда тек қыз ұзатамын, басқа ән айтпаймын деп сендірдім дейді ағынан жарылған Исаева.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!