Қазақстандағы ЭКО саласының негізін қалаушы, алғашқы қазақстандық ЭКО арқылы дүниеге келген баланың авторы Салтанат Байқошқарова Kozqaras подкастта берген сұхбатында 7 жылдан соң ана атанғаны туралы айтты , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, тұрмысқа шыққан алғашқы жылы қатты ауырған.
"ІІ курста оқып жүріп, 19 жасымда тұрмысқа шықтым. Бірден суық тиіп ауырып, қайта-қайта ауруханаға түсіп, өзім бедеулікпен басым қатты. Тұрмысқа шыққан алғашқы жылдың 11 айы мен ауруханада жаттым. Ол кезде қазіргідей үш күнде емдеп шығаратын антибиотик жоқ. Сөйтіп, жастайымнан неше түрліні көрдім. Медицина, адам эмбриологиясы, генетика, молекулярлы биология, соның бәрін оқыдым. Университет бітірген кезде, 7 жылдан соң ана болдым. Бедеулік болды, емделдім, бармаған жерім жоқ", - деді ол.
Тек 7 жылдан соң ғана ана атанған.
"Әкем "ең мықты гинеколог кім" деп сұрады. Содан Петербургта Завидов деген кісінің бар екенін естідік. Сол кісіні әкем алдыртты. Қаншама әйел сол кісінің арқасында біраз мәселесін шешті. Маған ол кісі "сенікі қиындау екен, Ленинградқа кел, сол жерде ота жасаймын" деді. Сонымен сол жаққа барып, бірнеше рет емделіп жүріп, 7 жылдан соң ұлды болдық", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!