Белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы әлеуметтік желіде Жанқош Тұраров пен оның әйелін сынға алып, халықты танымал адамдардың жылтырақ өміріне қызықпауға шақырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Журналист Бибігүл Дәулетбекқызының мұндай мазмұндағы жазба жариялауына Жанқош Тұраровтың әйелінің желіде күлгені әсер етіпті.
Танымал журналист Бибігүл Дәулетбекқызы композитор Қалдыбек Құрманәлінің қызын зорлады деп айыпталып жатқан боксшы Жанқош Тұраровтың әйелін сынап, желі қолданушыларын танымал адамдардың өміріне қызықпауға шақырды.
"Қыздар, мен инстаға келгелі мың-миллион рет жаздым: Елдің алдында жүргендердің бақытты өмірін көрсеңіз, қызықпаңыз. Ол суреттің артында талай мұң жатыр деп. Әлгі боксшының әйелінде де намыс жоқ екен. Неменеге жыртыңдап күліп, мысқылдап отыр?! Көрер ем қызын осындай біреу 7 жыл бойы тағдырымен ойнап, ойыншық етсе!", - деп жазды журналист.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!