Синоптиктер ертең, 7 желтоқсанда елдің кей өңірінде ауа райы қолайсыз болатынын ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұлытау облысында жаяу бұрқасын.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында көктайғақ, тұман түседі. Жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі.
Шымкентте тұман, көктайғақ.
Қарағанды облысында жаяу бұрқасын.
Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында тұман, жаяу бұрқасын. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың орталығында секундына 15-20 метрге жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Атырау облысының оңтүстігінде көктайғақ.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын. Батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында екпіні секундына 18 метрге жетеді.
Ақмола облысының басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!