7 жастағы Милананың өлімі: Екібастұзда жерлеу рәсімі өтті
Екібастұзда 7 жасар Милана Давыдованы жерлеу рәсімі өтті. Қайтыс болған қыз үш күн бойы іздестірілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Милана Давыдовамен қоштасуға жүздеген адам келді. Жерлеуге қыздың әкесі, жақын туыстары, еріктілер, жергілікті әкімдік өкілдері және Екібастұз тұрғындары қатысты.
Ақтық сапарға шығарып салу рәсімі қалалық мәйітханада өтті. Жиналғандардың кейбірі қатты уайымдап, көмек сұрауға мәжбүр болған.
Екібастұздықтар марқұм Миланаға гүлдер мен ойыншықтар әкелді. Милана Давыдова 21 қарашада Екібастұздағы ескі зиратқа жерленді.
Фото Tengrinews.kz
Еске салайық, 17 қарашада Павлодар облысының Бесқауға ауылында жеті жасар Милана Давыдова жоғалып кетті. Анасының айтуынша, қызын іздестіріп таба алмаған соң, ол полицияға хабарласқан.
Өңірде 500-ден аса адам: еріктілер, кинологтар қатысқан іздеу жұмыстары жүргізілді. Жүзден аса техника, сондай-ақ "Қазавиақұтқару" тікұшағы жұмылдырылды.
Фото Tengrinews.kz
Павлодар облысына басқа қалалардан да еріктілер келді.
Фото Tengrinews.kz
Милана Давыдованың денесі 19 қарашада табылды. Жедел іздестіру және тергеу шаралары барысында кәмелетке толмаған қыздың жоғалуының мән-жайы мен себептері анықталды. Күдікті ретінде қыздың анасы мен оның танысы ұсталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек