- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 7 жастағы баланы...
7 жастағы баланы зорлаған педофил жазасын жеңілдетуді сұрады
Түркістан облысында 7 жастағы баланы зорлаған үш баланың әкесі жазасын жеңілдетуді сұрады. Алайда апелляциялық алқа сот шешімін әділ деп тауып, үкімді өзгеріссіз қалдырды, - деп хабарлайды Оtyrar.kz.
Жақында қылмыстық іс оны ақтауды сұраған қорғаушы тараптың шағымы бойынша апелляциялық сотқа жіберілді. Қылмыскердің анасы баланы зорлау ісіне ұлының қатысы жоқтығын, қылмыс жасалған уақытта оның үйде болғанын, тағылған айыппен келіспей соттан істі қайта қарауды сұраған болатын.
Алайда педофил Қылмыстық кодекстің 12-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, бірінші сатыдағы соттың қаулысы өзгеріссіз қалды. Ол 20 жылға бас бостандығынан айырылды.
"Тергеу барысында қылмыскердің Түркістан облысы Шұбарсу ауылында көшеде ойнап жүрген жеті жастағы баланы "Менің үйіме жүр, балаларыммен ойнайсын" деп, үйіне кіргізіп алады. Балақайды екі бетімен жерге жатқызып, екі қолымен жылыту тұрбасын ұстатқызып, зорлаған", - деді соттың баспасөз қызметі.
Оның қылмысы сот сараптамасының қорытындысымен, жәбірленуші мен куәлардың жауаптары арқылы дәлелденді. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады. Үкім заңды күшіне енді.
Г. Досымшалова