24 шілде күні Жамбыл көшесіндегі үйдің ауласында 7 жасар бала арматураны басып кеткен. Шақыру бойынша келген жедел жәрдем бригадасы баланың жағдайын анықтап, арнайы құтқарушыларды шақырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Petropavlovsk.news сайтына сілтеме жасап.
"Біз оқиға орнына келгенде, бала есеңгіреп қалған. Ата-анасы мен көршілері баланың жағдайы туралы ештеңе айта алмады. Біздің мамандар темірді кесу үшін гидрорезакты орап жатқанда, олар баланы тыныштандырды. Онсыз ауруханаға жатқызу мүмкін болмас еді. Бірнеше минуттан кейін баланы ауруханаға алып кетті," - деді құтқару бөлімшесінің басшысы Ағыбай Нұрғожинов.
Ота күрделі болғанымен таңғаларлығы, арматура баланың аяғының сүйегі мен сіңіріне зақым келтірмей тесіп өткен. Қазір отадан кейін баланың жағдайы жақсарған.
"Мұндай жағдай біздің жұмысымызда бірінші рет болып отыр. Біздің мамандар көпқабатты пәтерлердің терезесінен кіріп, апаттан зардап шеккендерге көмектесті. Өткен жылы ағаштың жырығына аяғы қысылып қалған 10 жасар баланы құтқарған болатын. Біз кез келген жағдайда көмек көрсетуге әрқашан дайынбыз, - деді Ағыбай Нұрғожинов.
Жыл басынан бері СҚО-да құтқару қызметінің мамандары түрлі оқиғаларға барып, бірнеше адамды құтқарған.
"Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің құтқарушылары 160-тан астам оқиғаға барып, 70-тен астам адам құтқарылды", - деді СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Евгений Журавлев.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!