- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 7 және 9...
7 және 9 мамырда қазақстандықтар Қытай шекарасынан өте алмайды
7 және 9 мамырда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мереке күндеріне байланысты 2023 жылғы 7 және 9 мамырда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізбейді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.
Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істей береді.
"Тасымалдаушылардан және шекараны кесіп өтуге барлық ниет білдірушілерден енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан