- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "7 балдық жер...
"7 балдық жер сілкінісі күтілмейді": Алматыда алдағы күндерге арналған болжам жасалды
Фото:
tengrinews
Сейсмикалық ахуалды бағалау жөніндегі комиссия алдағы күндерге болжам жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық ахуалды бағалау жөніндегі комиссиясының кезектен тыс отырыстың қорытындысы бойынша алдағы күндері Алматы болжау полигонының аумағында магнитудасы 5,6, ал қарқындылығы 7 балл және одан жоғары балл болатын (MSK -64 – сейсмикалық шкаласы бойынша) күшті жер сілкіністері 70 пайыз ықтималдықпен күтілмейді", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, Қытай мен Қырғызстан шекарасында 23 қаңтарда 00.09-да магнитудасы 7 болған жер сілкінісінің афтершогы бәсеңдеп жатқаны айтылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова