7 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді - Сенат төрағасы

7 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді - Сенат төрағасы
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Биыл 7 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кеңейтілген отырысқа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысады.

"Үкімет пен министрлердің жұмысына қандай баға берілетіні 7 ақпанда өтетін Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылады деп ойлаймын", - деді спикер Сенат кулуарында.

Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев Үкімет жұмысына пікір білдірді.

"Үкімет белсенді жұмыс істеп жатыр деп ойлаймын. Олар қойылған міндеттерді орындауда. Әрине, кемшіліктер бар. Қазір жалпы Үкімет президент жариялаған кешенді реформаларды жүзеге асыру үшін бар күш-жігерін жұмсап жатыр. Сенат тарапынан біз қажет құқықтық база жасап жатырмыз", - деді төраға.

Аяз Есен

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz