- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 7 африкалық Қазақстаннан...
7 африкалық Қазақстаннан шығарылды
Алматыда көші-қон ережесін бұзғаны үшін 7 африкалық елден шығарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шетелдіктердің заң бұзғаны "Мигрант" операциясы барысында анықталды.
Қалада полицейлер көші-қон ережесін бұзғаны үшін шетелдіктерді анықтап, елден шығарып жатыр.
3 күнде көші-қон заңнамасын бұзғандарды Қазақстаннан шығару туралы 504 сот шешімі шықты. 62 шетелдік күштеп шығарылды. Бәріне 5 жылға дейін Қазақстанға кіруге тыйым салынды.
"Полиция әкімдіктің көмегімен 7 африкалықты елден күшпен шығарды. Олар белгіленген мерзімде Қазақстаннан шықпаған. Осылайша, олар сот қаулысымен елден шығарылды", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ, шетелдіктерді шақырған ұйымдарға 90 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл ұйымдарға шығарып жіберуге жұмсалған қаражаттың орнын толтыру туралы талап қойылды.
Көші-қон қызметі елге шетелдіктерді шақыратын қазақстандықтарға олардың уақытында Қазақстаннан шығуын ұйымдастыруы керегін ескертті.
Аяз Есен
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Massaget.kz