"7 адам зардап шекті". Теміртау қаласында газ баллон жарылды

"7 адам зардап шекті". Теміртау қаласында газ баллон жарылды
Фото: Фото: Қарағанды облысы ТЖД ақпараттық қызметі

Бүгін Теміртау қаласында бес қабатты тұрғын үйдің 3-қабатында орналасқан пәтерде газ баллоны жарылды. Арты өртке ұласты. Пәтерде болған 7 адам әртүрлі дәрежедегі күйік алған және улы газбен уланған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға салдарынан пәтер аралық қабырға, пәтердің кіреберіс есігі және кіреберістің терезе блоктары зақымданған. Алдын ала болжам бойынша баллонда газ-ауа қоспасы тұтанған. Зардап шеккендердің барлығы ауруханада.

 

Термиялық күйіктері бар 2 ересек адам, шамамен 70-80%, жансақтау бөлімшесіне жатқызылды. Теміртау қаласының балалар ауруханасына газбен уланған 3 бала жансақтау бөлімшеге жатқызылды. Бір бала медициналық көмек көрсетілгеннен кейін Қарағанды қаласының Облыстық балалар клиникалық ауруханасына жолданды. Аяқ-қол күйіктері бар бір бала амбулаториялық емделуге жіберілді. Қазіргі уақытта медициналық мекемелердегі пациенттердің жағдайы тұрақты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Қ. Әбілдәқызы