"7 адам аман қалды". Танымал әнші Бүркіт жантүршігерлік жол апаты туралы айтты

"7 адам аман қалды". Танымал әнші Бүркіт жантүршігерлік жол апаты туралы айтты
Фото: видеодан кадр

Танымал қазақстандық әнші Бүркіт інісінің жол апатына ұшырағаны туралы айтып, тыңдармандарын жолда сақ болуға шақырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бүгін Құлжа жолы бойында інім жолға шыққан. Содан "Газель" мен жеңіл көлік соқтығысып қалған. Ең бастысы, 7 адам да аман қалды. Шағын жарақаттар бар, бірақ бастары аман. Өтініш, абайлап жүріңіздерші! Көлікті жай айдаңыздар! Абай болыңыздар! Құдай сақтасын, мынадан кейін қалай қорықпаймыз, білмеймін", - деді ол жол апаты болған орыннан видео түсіріп жүріп. 

"Сақтанғанды Құдай сақтайды демекші, абай жүріңіздер! Трасса деген жаман! Періште сақтап қалды бәрін", - деп жазды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от B E R K U T (@berkut_aibekjan)

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева