“7-20-25-пен үй алып беремін“: Астанада Instagram арқылы 25 адам алданған

Астанада Instagram арқылы 25 адам алданған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жайы

2021-2025 жылдар аралығында Instagram желісі арқылы өзін ипотекалық делдал ретінде таныстырып, азаматтардың сеніміне кіріп, олардың ақшасын иемденген 30 жастағы ер адамға сот үкімі шықты.

Ол "7-20-25" бағдарламасы арқылы баспана алып беруге көмектесемін және жиһаз жобасына тиімді инвестиция ұсынамын" деп азаматтарды алдап, ірі көлемде қаражат аудартқан. Алайда ақшаны өз қажетіне жұмсаған.

Жәбірленушілер

25 адам оның қылмыстық әрекетінен зардап шеккен. Келтірілген жалпы залал 95 миллион теңгеден асқан.

Сот отырысы

Сот айыпталушыға 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!