- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "7-20-25" ипотекалық бағдарламасы...
"7-20-25" ипотекалық бағдарламасы жалғасатын болды
Президент Тоқаевтың тапсырмасы бойынша "7-20-25" ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасын іске асыру жалғастырылатын болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ұлттық банк баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тиіс шешім Қазақстан Республикасы Ұлттық банк басқармасының 2022 жылғы 19 желтоқсандағы №123 қаулысымен қабылданды.
2023 жылы бағдарлама бойынша кредиттеу үшін 100 миллиард теңгеге дейін қаражат бөлу жоспарланып жатыр. Бағдарлама бойынша жыл сайынғы кредиттеудің нақты көлемі нарықтағы банктердің нарықтық ипотекалық өнімдері мен олардың дамуына байланысты белгіленеді деп көзделіп отыр.
Жеңілдетілген кредиттеумен азаматтарды көбірек қамту мақсатында бағдарламаны іске асырудың жекелеген талаптары қайта қаралды. Атап айтқанда, әрбір қарыз алушы Бағдарламаға бір рет қана қатыса алады.
Бағдарлама аясында берілетін ипотекалық тұрғын үй қарыздарының параметрлері (бастапқы жарнаның ең төменгі мөлшері, қарыздың ең жоғары сомасы, сыйақы мөлшерлемесі, қарыз мерзімі, өңірлер бөлігінде сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құны) өзгеріссіз қалады.
2022 жылғы 22 желтоқсандағы жағдай бойынша 852,2 миллиард теңге көлемінде 64 146 жеңілдетілген қарыз берілді.
Бағдарлама жұмыс істейтін азаматтарды 20 пайыздан бастап бастапқы жарнамен жылдық 7 пайыз жеңілдетілген мөлшерлеме бойынша 25 жылға дейінгі мерзімге қолжетімді ипотекамен қамтамасыз ету үшін 2018 жылы іске қосылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек