Ұлттық банк "7-20-25" бағдарламасына өзгерістер енгізілгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қандай өзгерістер болмақ?
- Астана, Алматы қалаларында және қала маңында, сондай-ақ, Ақтау, Атырау, Шымкент қалаларында сатып алынатын баспананың ең жоғары құны 25 млн теңгеден 30 млн теңгеге дейін көтерілді;
- Қарағанды қаласында 20 млн теңгеден 25 млн теңгеге дейін көтерілді;
- басқа өңірлерде 15 млн теңгеден 20 млн теңгеге дейін көтеру көзделеді;
- қарыз алушыларға төлем қабілетін растау үшін тең қарыз алушыны (немесе тең қарыз алушыларды) ғана емес, кепілгерді де қосуға мүмкіндік беріледі.
Бұған дейінгі жағдай
Еске салайық, былтыр да "7-20-25" бағдарламасына өзгерістер енгізілді. Сонымен қатар, 2024 жылы "7-20-25" бағдарламасы аясында 1 трлн теңге қарыз берілді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!