“7-20-25“ бағдарламасына өзгерістер енгізілді: не білу керек?

“7-20-25“ бағдарламасына өзгерістер енгізілді: не білу керек?
Фото: Midjourney

Ұлттық банк "7-20-25" бағдарламасына өзгерістер енгізілгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қандай өзгерістер болмақ?

  • Астана, Алматы қалаларында және қала маңында, сондай-ақ, Ақтау, Атырау, Шымкент қалаларында сатып алынатын баспананың ең жоғары құны 25 млн теңгеден 30 млн теңгеге дейін көтерілді;
  • Қарағанды қаласында 20 млн теңгеден 25 млн теңгеге дейін көтерілді;
  • басқа өңірлерде 15 млн теңгеден 20 млн теңгеге дейін көтеру көзделеді;
  • қарыз алушыларға төлем қабілетін растау үшін тең қарыз алушыны (немесе тең қарыз алушыларды) ғана емес, кепілгерді де қосуға мүмкіндік беріледі.

Бұған дейінгі жағдай

Еске салайық, былтыр да "7-20-25" бағдарламасына өзгерістер енгізілді. Сонымен қатар, 2024 жылы "7-20-25" бағдарламасы аясында 1 трлн теңге қарыз берілді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget