Ұлттық банк "7-20-25" ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасын бекіту туралы" қаулыға өзгерістер енгізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өзгерістер Ұлттық банктің 2024 жылғы 30 қазандағы №65 басқарма қаулысымен енгізіледі, онда:
"Бұл нормалар халықты, әсіресе баспанаға мұқтаж азаматтарды мейлінше көбірек қамту мақсатында, сондай-ақ мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері үшін банктік қарыз шарттары бойынша негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыруды көздейтін заңнамадағы өзгерістерге сәйкес енгізіледі. Бағдарлама аясында берілетін ипотекалық тұрғын үй қарыздарының параметрлері (бастапқы жарнаның ең төменгі мөлшері, қарыздың ең жоғары сомасы, сыйақы мөлшерлемесі, қарыз мерзімі, өңірлер бөлінісінде сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құны және т.б.) өзгеріссіз қалады", - делінген хабарламада.
Бағдарлама жұмыс істейтін азаматтарды 20%-дан басталатын бастапқы жарнасы кезінде жылдық 7% жеңілдікті мөлшерлеме бойынша 25 жылға дейінгі мерзімге қолжетімді ипотекамен қамтамасыз ету үшін 2018 жылы іске қосылды.
2024 жылғы 31 қазандағы жағдай бойынша бағдарлама аясында 1 059,6 миллиард теңгеге жеңілдетілген қарыз 76 753 адамға берілді.
Қаулының толық мәтінімен Ұлттық банктің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!