- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "7-20-25" бағдарламасына 2024...
"7-20-25" бағдарламасына 2024 жылы қанша теңге бөлінгені белгілі болды
Фото:
Tengrinews.kz
2023 жылғы 25 желтоқсанда Ұлттық Банк "7-20-25" ипотекалық кредиттеу бағдарламасын іске асыру туралы қаулы қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚР ҰБ баспасөз қызметі.
"2023 жылғы 25 желтоқсанда Ұлттық Банк Басқармасының № 104 қаулысы қабылданды, онда:
- 2024 жылы бағдарламаны қаржыландырудың жылдық көлемін рұқсат етілген ең жоғары деңгейде 100 миллиард теңге мөлшерінде белгілеу және бюджетті тоқсан сайын 25 миллиард теңгеден бөлу;
- бағдарлама бойынша 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген ипотекалық қарыздар бойынша талап ету құқықтарын сенімгерлік басқарғаны үшін банктердің сыйақысын жылдық 3 пайыздан 2,5 пайызға дейін төмендету көзделеді. Бұл түзету бағдарлама операторы "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ мен бағдарламаға қатысушы банктер арасында белгіленетін құқықтық қатынастарды қозғайды және азаматтарды кредиттеу шарттарына әсер етпейді", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бағдарлама 2018 жылы жұмыс істейтін азаматтарды 25 жылға дейінгі мерзіммен және 20 пайыздан басталатын бастапқы жарнамен 7 пайыздық жеңілдікті мөлшерлеме бойынша қолжетімді ипотекамен қамтамасыз ету үшін іске қосылған. 2023 жылғы 28 желтоқсандағы жағдай бойынша бағдарлама аясында 974,1 миллиард теңгеге 71 699 жеңілдікті қарыз берілді. Қаулының толық мәтінімен ҚР ҰБ сайтында танысуға болады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина