- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 7-20-25 бағдарламасымен қашанға...
7-20-25 бағдарламасымен қашанға дейін үй алып үлгеруге болатыны айтылды
Ұлттық банк 7-20-25 бағдарламасы бойынша қаражат 2023 жылы толық игеріліп бітуі мүмкін екенін болжады. Бұл туралы Ұлттық банк өкілдері krisha.kz сайтының ресми сауалына берген жауабында айтылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазіргі қарқынды ескере отырып, бағдарлама бойынша қаржы 2023 жылы игеріліп бітуі мүмкін", - делінген хабарламада.
Ұлттық банк өкілдері қаражатты игеру қарқыны баспананы төлеуге қабілетті адамдар саны және бағдарлама бойынша іске асырылатын жаңа тұрғын үйді пайдалануға беру көлеміне байланысты екенін атап өтті.
Бағдарлама нақты қашан аяқталатыны әзірге белгісіз. Бағдарлама бойынша несие беру қаржы (1 триллион теңге) толық игеріліп біткенше жалғасады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина